Аю жарақаттаған ер адам хал үстінде жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аю шапқан Петропавл-Камчаткадағы Тигильский ауданының Палана кентінің тұрғыны жансақтау бөліміне түсті.
Бұл туралы РФ ІІМ аймақтық басқармасының баспасөз қызметкері хабарлады.
«Бұл оқиға өзен жағасында, кенттен төрт шақырым қашықтықта орын алды. Келеңсіз оқиға болған жерде бірнеше адам болған. Олардың ішінде орманға таяу жүргені зардап шеккен. Ауыр жарақаттанған азамат жергілікті ауруханаға жеткізілді», - деді Крайнев.