Ayumi тобы тарап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі продюсер Алуа Қонарова Ayumi тобының тарайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі продюсердің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Ayumi тобы тарап кетті

«Мен таратқалы жатқан команда - Ayumi тобы. Осы топтың барлық мүшесі RingoWorld продюсерлік орталығында қалатын болады. Мен жақсы жаңалықтарға байланысты топты  таратпақшымын. Біреуі жеке орындаушы болып өнерін жалғастырса, енді бірі өзін жаңа қырынан байқап көрмек және тұрмысқа шығуы да мүмкін», - деді продюсер.

Сондай-ақ, ол өнер сүйер қауымның қыздар үшін алаңдамауын сұрады.

«Қыздар болашақта концерттік бағдарламаларға дайындалатын болады және «Жыл таңдауы» жүлдесінде өнер көрсетеді», - деді Алуа Қонарова. 

Айта кетейік, қыздардан жинақталған Ayumi тобы 2011 жылы құрылған еді. Алуа Қонарованың басшылығындағы продюсерлік орталыққа Rin'Go және Renzo бойз-бэндтері кіреді. 

Фото juldyz.kz