Ақсай бөгетінің маңында топырақ опырылып түсті: Алматы облысының әкімдігі түсінік берді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Ақсай бөгетінің маңында топырақ опырылып түсті. Салдарынан жол жабылды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі мәлім етті.

Алматы облысы
Фото: Алматы облысы әкімдігі

«Бүгін кешкі сағат 16:50-де Ақсай бөгетінің алдындағы автожол учаскесінде көлемі 3,5 текше метр топырақ құлады. Оның бір бөлігі Ақсай өзеніне түсіп, су лайланды. Судың өтуі транзиттік режимде жүзеге асырылады. Сондай-ақ апат аймағындағы жол учаскесі жабылды. Айналма жол ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ»,- деп атап өтті әкімдіктен.

Апатты жою жұмыстарына Қарасай ауданының төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамның 2 маманы, 1 техника, 4 мемлекеттік қызметкер жұмылдырылды.

Бұған дейін Алматыда Ақсай бөгетінің маңында топырақ опырылып түскені туралы жазған едік.