Аюсай шатқалында тастар құлап, сарқырамаларға апаратын жолды басып қалды

None
Фото: instagram.com/ayusai_ilealatau
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Аюсай шатқалында сарқырамаларға апаратын жолды тастар басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жолға қарай құлаған тастар тосқауыл торы мен ескерту тақталарын бұзып кеткен.

«Осыған байланысты Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті бірінші, екінші және үшінші сарқырамаларға баруға тыйым салды. Сондықтан, Аюсай сарқырамаларына экскурсияларды тоқтатуға мәжбүрміз. Аюсай шатқалына келетін қонақтарды тәуекелге бармауға және серуендеу үшін қауіпсіз маршруттарды, мысалы Мың көз жолын таңдауға шақырамыз», - деп жазылған Аюсай визит орталығының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, визит орталығы шатқалға бару жолдары әбден қауіпсіз болған кезде, ол туралы міндетті түрде хабарланатынын мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар
telegram referendum