Айыппұл түріндегі әкімшілік жаза соттардан өкілетті мемлекеттік органдарға беріледі

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Айыппұл түріндегі әкімшілік жаза соттардан өкілетті мемлекеттік органдарға беріледі. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде жаңа редакциядағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің таныстырылымы барысында мәлім болды.

Айыппұл түріндегі әкімшілік жаза соттардан өкілетті мемлекеттік органдарға беріледі

Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, жаңа кодекс жобасында соттарға жүктемені азайту шаралары да қамтылып отыр. «Осы мақсатта әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыруға өкілетті органдар мен соттардың құзыреті қайта қаралатын болады. Мемлекеттік органдарға айыппұл түріндегі әкімшілік жазалар тағайындау қарастырылған 143-бап толығымен немесе ішінара жатқызылатын болады», - дейді вице-министр. Оның айтуынша, соттар құзыретіне бірқатар әкімшілік жазалар қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық істері қалады. Атап айтқанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды Қазақстанның аумағынан әкімшілік шығару, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған зат немесе бұйымды тәркілеу, әлеуметтік құқықтан айыру, лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан, жекелеген қызмет түрлерінен айыру немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу мен тоқтату шаралары жатады.