Айыпталушыларға қатысты электронды құрылғыларды пайдалану тәсілдерін Қазақстан ғалымдары 10 жыл бұрын ұсынған еді - И. Рогов

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Айыпталушылар мен күдіктілердің бостандығын шектеудің басқаша түрлерін қолдану әдістері Қазақстан ғалымдары тарапынан 10 жыл бұрын ұсынылған болатын.

Айыпталушыларға қатысты электронды құрылғыларды пайдалану тәсілдерін Қазақстан ғалымдары 10 жыл бұрын ұсынған еді - И. Рогов

Бұл туралы бүгін Парламент Сенатындағы «Соттың қамауға алу санкциясы: заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру» халықаралық конференциясында ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов айтты.

«Біздің көрші елдеріміз айыпталушыны бақылау тұрғысында электронды білезіктер мен басқа да электронды құрылғыларды енгізу әрекеттерін жариялап отыр. Атап айтқанда, 10 жыл бұрын біздің ғалымдар осы идеяны бірнеше мәрте ұсынған болатын»,-деп атап өтті И. Рогов.

Осы орайда ол өткен жылы Елбасы бекіткен республиканың құқықтық саясаты тұжырымдамасында қылмыстық-процессуалдық құқықты жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі ретінде қамауға алудың балама түрлерін қолдану аясын кеңейту шаралары белгіленгенін еске салып өтті.