Айыпталып отырған қырғызстандық «Альфа» қызметкерлері жұмыстарын жалғастырып, арнайы операцияларға қатысуда

БІШКЕК. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бішкекте Қырғызстан Республикасының Президенті Роза Отынбаеваның қатысуымен Бас прокуратураның алқа отырысы болып өтті.
None
None

Отырыс барысында бақылау органының былтырғы жылғы атқарған қызметі талқыланды.

Роза Отынбаева Бас прокуратураның қызметін қатты сынға алды. Атап айқанда, Республика Президенті былтырғы жылдың сәуір айында болған оқиғаларды тергеу туралы мәселені көтерді. «Біз қазір былтырғы жылдың жетінші сәуірінде болған істі жапқан жоқпыз, оны тергеу жалғасуда. Және де негізгі кінәлілер табылған жоқ: қашып кеткен, шет ел асып кеткен. Бұл фактілер қоғамды қатты қобалжытады. Жақын арада наразы болып отырған халық «87 адам не үшін қаза тапты? Кім бұйрық берді? Ол жастар не үшін көз жұмды?» деген сауал қояды», - деді Р.Отынбаева.

Президент сондай-ақ Қырғызстан ішінде жаңғырық тудырған «Альфа» арнайы бөлімше жауынгерлерін кінәлауға қатысты сот үдерісіне де тоқталды. Оларға бұрынғы президент Қ.Бәкиевтің жағында сәуір оқиғаларына қатысты деген айып тағылуда. Қорғаушылар айыпталып отырған жауынгерлер өз басшылығының бұйрығын орындауға мәжбүр болды деп мәлімдеуде.

Сонымен қатар қазір айып тағылып отырған «Альфа» жауынгерлері білікті мамандардың тапшылығына бола Қырғызстан Республикасындағы әртүрлі арнайы операцияларға қатысып, қызметтерін жалғастыруда.

Қырғызстан Президенті «Альфа» бөлімшесіне қатысты істі жүргізіп отырған прокурорды жауапқа тартуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар