Айыптаушы Сақташ Хасеновтың адвокатын қылмыстық істен шеттетуді сұрады

"Бізде құқық қорғау және арнайы органдары арасында ақпарат алмасу жүйесінен, сонымен қатар газетте жарияланған ақпарат бар. Онда Бақытжан Сатыбалдыұлы Хасенов Қылмыстық Кодекстің 120-бабы (Зорлау) бойынша кінәлі деп танылған, "ҚР еңбек сіңірген адвокаты" атағынан және адвакаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылған, ол зардап шеккен тарапқа 1 миллион теңге моральдық шығын тағы да төлеуі тиіс. Біз оны назарға алып, адвокатты қылмыстық істен аластату туралы сауалды қарауға ұсынғымыз келеді", - деді айыптаушы тараптың өкілі, прокурор Әлібек Айтжанов.
Айта кетейік, бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бұрынғы төрағасы Сақташ Хасеновтің ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды.
Сот Астана қаласы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының төрағасы Әділxан Шайxисламовтің төрағалығымен өтуде.
Прокурор Әлібек Айтжановтың сөзінше, қылмыстық сxема бойынша, Сақташ Хасенов пен комитеттің бұрынғы қызметкері Елена Решетко құс етін Ураинадан Қазақстанға еш кедергісіз өткізу үшін ресейлік кәсіпкер Рязинскийден 2015 жылдың шілде айынан 2016 жылдың қараша айына дейін жалпы сомасы 37 миллион теңгеге жуық пара алған. Елена Решетко пара алу барысында делдал қызметін атқарған. Хасенов өзінің қылмыстық ісі үшін Қазақстанға жеткізілген құс етінің әр килограммынан 5 теңге иеленіп отырғандығы анықталып отыр.
Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті бұрынғы төрағасына қатысты қылмыстық іс қоғамдық резонанс тудырған болатын. Сөз құс етін Қазақстан аумағына кедергісіз жеткізу және тасымалдауға рұқсат беру бойынша қылмыстық сызба ұйымдастыру фактісі жайында болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы бірнеше рет пара алған ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновті ұстаған. Комитет төрағасы бұрын министрлікте жұмыс істеген өзінің сенімді адамы Елена Решеткомен алдын ала сөз байласып, Қазақстан аумағына ет өнімдерін әкелуге рұқсат беру бойынша қылмыстық схема ұйымдастырғаны анықталды. С. Хасенов белгіленген баға бойынша жүйелі түрде пара алып отырған.