Айырбастау пункттеріне қатысты тарап жатқан ақпарат жалған - ҰБ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк әлеуметтік желілерде айырбастау пункттеріне қатысты тарап жатқан ақпараттың жалған екенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айырбастау пункттеріне қатысты тарап жатқан ақпарат жалған - ҰБ

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылып жатқан 2020 жылдың 10 -13 наурызында айырбастау пункттеріндегі шетелдік валюта операцияларына мораторий жарияланды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, желілер арқылы таратылып жатқан құжатта Ұлттық банк төрағасының қолы мен банк мөрі, нөмері жоқ. Ұлттық банктің ресми бланкісінің үлгісі басқа.