«Айзек» дауылының салдарынан Жаңа Орлеанда коменданттық сағат енгізілді
АСТАНА. 30 тамыз. ҚазАқпарат - «Айзек» дауылының салдарынан Жаңа Орлеанда (АҚШ) коменданттық сағат енгізілді, бұл режим кеш батқаннан таңертеңге дейін жүргізіледі, деп хабарлады РБК.
АҚШ Ұлттық дауылдарды бақылау орталығының хабарлауынша, дауылдың екпіні бәсеңдеп, оған тропикалық дауыл санаты берілген. Орталық ғалымдары таяудағы 48 сағаттың ішінде дауыл жылдамдығы төмендей бермек деп санайды.