Айжан Есмағамбетова: Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 49 мың адам анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 49 мың адам анықталды. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айжан Есмағамбетова: Коронавирус жұқтырғандармен  байланыста болған 49 мың адам анықталды

«Бүгінде коронавирус жұқтырған адамдар саны 3078-ге жетті. 774 адам емделіп шықты. Мониторингтік шаралармен індетке шалдыққандармен байланыста болған 49 мың адам қамтылды», - деді Айжан Есмағамбетова онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызында ауру белгілері аса білінбей өтеді, ал 20 пайызында ауырлығы орта дәрежелі деңгейде болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Айжан Есмағамбетова мамырдың соңында елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін екенін айтты.