Азамат Айтхожин «Астана» футбол клубының президенті болды

АЛМАТЫ. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Астана» футбол клубының жаңа президенті - Азамат Серікұлы Айтхожин таныстырылды.

Азамат Айтхожин «Астана» футбол клубының президенті болды

Клубтың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, А. Айтхожин 2003-2005 жылдары «Жеңіс» футбол клубын басқарды. Ол жетекшілік жасаған жылдары астаналықтар 2003 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін, 2005 жылы Қазақстан кубогын жеңіп алды. 

1980 жылдары «Юность» балалар спорт клубында футболмен айналысқан А.Айтхожин, күш құрылымдарында жұмыс жасады. Алайда аяқдопқа құмарлығын жоғалтпай, «Бауырым» атты әйуесқой футбол клубын құрып, түрлі турнирлерге қатысқан. Одан кейін, әр жылдары Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды басқарды, «Жеңіс» футбол клубында жұмыс жасады,  Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына жетекшілік етті. Сондай-ақ Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетінде қызмет жасап,  «Астана Арена» спорт кешені мен «Жастар» сарайының директоры болды.