15:56, 09 Қаңтар 2025 | GMT +5
Азамат Есқараев Әділет министрі қызметінен босатылды
АСТАНА. KAZINFORM - Ақорда Азамат Есқараевтың Әділет министрі қызметінен босатылғанын хабарлады.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды, - деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Айта кетейік, Азамат Несіпбайұлы жылдың басында Әділет министрі лауазымына қайта тағайындалған болатын.