Азамат Тәжаяқовтың ағасы түрмеге ұдайы барып тұру үшін отбасымен АҚШ-қа көшіп барды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын хабарлағандай, жұмада 2013 жылғы Бостондағы лаңкестік актісі бойынша сотталған Джохар Царнаевтың досы қазақстандық Азамат Тәжаяқов лаңкестік актіні тергеуге кедергі жасағаны үшін 3,5 жылға сотталды.
Басқа қазақстандық студент Диас Қадырбаевқа 6 жыл бас бостандығынан айыру және 3 жыл әкімшілік бақылау үкімі шықты.
Азамат Тәжаяқовтың адвокаты Николай Вулдриджаның айтуынша, бұл ауыр сәтте Тәжаяқовтың отбасы Азаматты қолдады. Бұған түрмеде жатқан Азаматқа ұдайы барып тұруы үшін ағасының жанұясымен АҚШ-қа көшіп келгені дәлел.