Азаматтар өзгерісті күтіп отыр – ҚР Президенті
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің азаматтары өзгерісі күтіп отыр, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңйтілген отырысында.
«Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады», -деді Мемлекет басшысы.
Фото: t.me/bort_01