Азаматтардан келіп түскен барлық шағымдардың үштен бір бөлігі құқық қорғау органдары мен соттардың қызметіне қатысты

АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Президент Әкімшілігіне азаматтардан келіп түскен барлық шағымдардың үштен бір бөлігі құқық қорғау органдары мен соттардың қызметіне қатысты болып отыр. ҚР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада құқық қорғау органдарын реформалау мәселесіне арналған кеңесте айтты.
None
None

«Құқық қорғау органдарының қазіргі кездегі құрылымы, бірқатар қызметтері мен өкілеттілігі қоғамда қалыптасқан нарықтық қатынастарға сәйкес келмейді. Құқық қорғау органдарының қызметі басқару жүйесінің қолайсыздығымен, қызметтердің қосарлануымен және қиылысуымен сипатталады. Сапалы көрсеткіштердің көлемдік көрсеткіштерге ауысуы орын алды»,-деп қадап айтты Мемлекет басшысы.

Елбасының айтуынша, құқық қорғау органдарының қазіргі кездегі жұмыс тиімділігін бағалау өлшемдері олардың функционалдық мақсаттарын шешудегі бағытына мүмкіндік туғызбайды. Бұл өз кезегінде құқық қорғау органдарына деген халықтың сенім деңгейіне ықпал етеді және осы арқылы барша билікке әсер етеді.

Соңғы жаңалықтар