Азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - 2009 жылғы қазанның 1-інен бастап ҚР Президентінің 2009 жылғы сәуірдің 1-індегі Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды,
деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Мерзімді әскери қызметке 1982-1991 жылдар аралығында туған, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес жеңілдік берілгендердің және әскери қызметтен босатылғандардың қатарына жатпайтын ер азаматтар шақырылады.
Әскери қызметтің соңғы жылдары беделі арта түскенін атаған орынды. Жас жігіттердің әскерде қызмет етуі оларға болашақта кәсіп таңдауларына да мүмкіндік береді.