Азаматтардың 90 пайызы елдегі діни ахуалды қалыпты деп бағалады - Дін істері комитеті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауалнама барысында азаматтардың 90 пайызға жуығы елдегі діни ахуалды қалыпты деп бағалады.
None
None

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин осылай мәлім етті.

«Еліміздегі бүгінгі күндегі діни ахуалды тұрақты деп бағалауға болады. Мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынастар жүйелі дамуда. Дін істері агенттігімен ағымдағы жылы жүргізілген сауалнама нәтижелері азаматтардың 90 пайызға жуығы елдегі діни ахуалды қалыпты деп бағалайтынын, ал дін саласындағы мемлекеттің саясатын азаматтардың 86 пайызы қолдайтынын көрсетіп отыр»,-деді комитет басшысы.

Атап айтқанда, қазіргі таңда Қазақстанда 18 конфессияны құрайтын 3483 дін субьектісі қызмет атқарады. Олардың ішінде мұсылмандық ұйымдар басым көпшілікті құрайды - 2413. Діни ғимараттардың басым бөлігі де Исламға тиесілі - 2381 мешіт.

Елімізде Қазақстан православие шіркеуі - 303, Рим-католик шіркеуі - 84, ал протестанттық қауымдастықтардың саны 600-ден астам.

Бұлардан бөлек, 7 иудейлік, 2 буддистік және 18 жаңа діни ұйымдардың діни бірлестіктері қызмет атқарады.

Соңғы жаңалықтар