Азаматтардың білікті заң көмегін алу жөніндегі конституциялық құқықтарын жетілдіру қажет - Р. Мұқашев

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес, азаматтардың білікті заң көмегін алу жөніндегі конституциялық құқықтарын жетілдіру талап етіледі. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін құқықтық реттеу проблемалары» деген тақырыптағы конференция барысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев мәлім етті.
None
None

«Білікті заң көмегін ұсыну жүйесі жақсартуды талап етеді. Бұнымен қоса, ауылдық және қалалық жерлердегі адвокаттық қызметтермен теңдей қамтылмау проблемасын де шешуге тиіспіз. Осы және басқа да өзекті мәселелер парламенттің қарауына ұсынылған «Мемлекетпен кепілдендірілген заңгерлік көмек туралы» заң жобасында қамтылып отыр», - дейді комитет төрағасы. Оның айтуынша, заң жобасы заңгерлік көмек ұсынатын адвокаттар еңбегіне ақы төлеудің әкімшілік олқылықтарын жоюға бағытталады. Бұдан бөлек, заң жобасымен алғаш рет құқық қолдану практикасында заңгерлік көмек көрсететін субъектілер ретінде мемелкеттік органдарды, жоғары оқу мекемелерін, үкіметтік емес ұйымдарды қарастыру ұсынылады. Заңгерлік көмектің жаңа формалары: құқықтық, ақпараттық, консультациялық көмектер енгізіледі.

Еске сала кетейік, конференция жұмысына Парламент депутаттары, құқық қорғау және сот ұйымдарының өкілдері, қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысты. Форумды Республикалық адвокаттар алқасы, ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы, Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдері, Қазақстан Республикасындағы сот және құқықтық реформаны қолдау жобасын жүзеге асырушылар ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар