Азаматтардың денсаулыққа деген ортақ жауапкершілігін арттыру керек - С.Қайырбекова

Оның айтуынша азаматтар мен жұмыс берушілердің денсаулыққа деген ортақ жауапкершілігін арттыру керек. Қазіргі уақытта бұл жауапкершілік тек мемлекетке жүктелгендігін айтады.
«Діни себептермен балаларын инфекциялық ауруларға қарсы егуден бас тартатын ата-аналардың істері «жауапсыз әрекет». Халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруда емдеу мекелерінің бірінші басшыларының менеджменті маңызды рөл атқарады, тиісінше ол халықаралық стандарттарға сай келуі тиіс. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында бас дәрігерлерге елеулі түрде өкілеттілік берілген. Қазіргі уақытта ауруханаға қандай қондырғы қажет, өз мамандарын қайда оқуға жіберу керек деген сияқты көптеген шешімдерді өздері қабылдайды. Мұнда ең бастысы, бюджет қаражатын өз қалталарымен шатастырып алмаулары керек» деді ол.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндаған ол көзделген 6 индикатордың барлығы орындалғанын жеткізді. Сөз арасында адам денсаулығы 50% жағдайда оның өмір сүру салтына байланысы екенін алға тарта отырып, «Әрбір отбасы денсаулықты күтумен айналысса, мемлекет қабылдап жатқан іс-шаралар мың есе артық нәтиже бере еді» деген сөзін алға тартты.
Сонымен бірге, инфекциялық ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметіне микробиологиялық көрсеткіштер мен химиялық заттарды айқындау бойынша шұғыл зерттеулер енгізу бойынша іс-шаралар жалғасатын болады. Халыққа профилактикалық егулер жүргізудің ұлттық күнтізбесін одан әрі жетілдіру жалғасатын болады, оған балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау енгізіледі деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министр С.З.Қайырбекова.