Азаматтардың құқықтары аздап қана бұзылды деген пікірмен келіспейміз - Жоғарғы сот өкілі

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -«Еліміздің кейбір облыстарындағы судьялар қылмыстық немесе әкімшілік заң бұзу әрекеттерімен байланысты жағдайды дұрыс бағалай білсе, ендігі бір аймақтарда олар шектен тыс жұмсақтық танытып жатады»,
None
None

деді бүгін Жоғарғы соттың Қылмыстық істерді бақылау алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов. Бұл туралы ол бүгін еліміздің сот жүйесінің жарты жылдық қорытындысына арналған Жоғарғы сот судьяларының жалпы отырысында айтты.

Оның сөзіне қарағанда, облыстық соттардың судьялары аталмыш жағдайды өздерінің жұмыстарының шектен тыс ауқымдылығымен кей жағдайда «заңды аздап қана бұзды»деген себеппен ақтап алғылары келеді.«Біз бұндай пікірмен келіспейміз. Себебі әрбір бұзылған

құқық мейлі ол аз деңгейде болсын - ол азаматтардың құқықтары. Сондықтан осы құқықты бұзған азамат міндетті түрде жауапқа тартылуы қажет. Әрине, сот өкілдерінің әкімшілік немесе қылмыстық істерге қатысты тым жұмсақ шешім қабылдауы жаппай орын алып отырған әрекет емес. Дегенмен мұндай жағдайлар ара-тұра кездесіп қалады. Әзірге мұндай жағдай біз тексеру жүргізген аймақтардың ішінде Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында байқалды. Бұл мәселені біздің күн тәртібіне шығарып отырған себебіміз осы кемшіліктерді біз бастан-ақ жоюға күш салуымыз қажет», деді Жоғарғы сот өкілі.

Соңғы жаңалықтар