Азаматтардың өтініші құзырлы органдарды «қыдырып» кететін жүйені тоқтату керек - Қ.Сүлейменов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда арыз-шағымын қатарынан "Нұр Отан" партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов арыз-шағымының тақырыбына 20 ұйымның атауын, он шақты депутаттардың атын тіркейтін азаматтардың өтініші соңында құзырлы органдардың, одан қалса, депутаттарды аралап кететінін ашық айтты. Бұл ойын Қ.Сүлейменов Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында мəлім етті.

Азаматтардың өтініші құзырлы органдарды «қыдырып» кететін жүйені тоқтату керек - Қ.Сүлейменов

"Мен мына бір мəселеге назар аудартқым келіп отыр. Азаматтардан көп өтініш түседі, əсіресе, Парламентке. Себебі, мен "Нұр Отан" партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық кеңесті төрағалық етемін. Президенттің атына, Президент Əкімшілігінің жетекшісі атына, Бас прокурордың, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының атына, Жоғарғы сотқа өте көп арыз-шағым келеді. Бір арыздың тақырыбына 20 ұйымның атауы жазылады. Парламент палаталарының төрағаларына жəне он шақты депутаттың атына қатар бір арыз келеді. Сосын сол арызға қатысты əркім өзінше əрекет етеді. Əсіресе, аппараты жоқ, арыз-шағымды қадағалайтын жүйелі жұмысы жоқ депутаттар жеке əрекет ете бастайды. Міне, сосын азаматтың арызы құзырлы органдар арасында "қыдырып" кетеді: Президент əкімшілігі Бас прокуратураға жібереді, Парламентке түскен арызды палата Ішкі істер министрлігіне жібереді, осылайша, бір негізі жоқ арыз-шағым инстанцияларды аралап кетеді. Сондықтан азаматтардың өтініш қабылдау үшін нақты тетік керек", - дейді Қ.Сүлейменов. Бұл ретте ол арыз-шағымның жауабы да көңіл қанағаттанатындай болмайтынын айтып отыр. "Осылайша, арыз жазған адам құзырлы органның бəрінен жауап алады, бірақ жауапқа қанағаттанбайды, себебі органдардың жіберген жауабы бір-біріне қарама-қайшы болып жатады немесе жауапты бір-біріне сілтейді", - деп түсіндірді Қ.Сүлейменов.