«Азаматтарға арналған үкімет» мобильді топтары мүгедектердің үйлеріне барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мобилдік топты шақыру үшін Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне телефон шалу керек және мемлекеттік корпорация қызметкерлері 72 сағат ішінде келеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсетуге көп көңіл бөлініп отыр. Корпорация кеңселерінде арбадағы мүгедектер үшін пандустар, шақыру нүктелері орнатылған. Кеңселерде Брайль мәтіндері бар ақпараттық тақталар орнату жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ жақын арада көзі нашар көретін азаматтар үшін түйсіну жолдарын орнату көзделген, деп түсіндірді мемлекеттік корпорацияда.
«Мемлекеттік корпорация 1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып қызмет көрсетеді. Жыл басынан мобильді топ мүмкіндігі шектеулі жандарға 20 499 рет барып, 28 619 қызмет көрсетті. Солардың ішінде электрондық анықтамалар, құжаттандыру және жылжымайтын мүлік желілері бойынша қызметтер сұранысқа ие», - делінген хабарламада.