«Азаматтарға арналған үкімет» өкілдері Рашид Аманжоловқа қатысты түсініктеме берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Рашид Аманжоловтың тұтқынға алынуына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«2017 жылдың 27 сәуірі күні еліміздің бірқатар ақпарат құралдарында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бақарма төрағасының орынбасары Рашид Аманжоловтың тұтқынға алынғаны жөнінде ақпарат тарады. Аманжолов Рашид Мәжитұлы расында да 2017 жылдың 26 қаңтары күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Алайда, ол 20 сәуірден бастап, еңбек келісімін өз еркімен бұза отырып, мемлекеттік корпорациядағы жұмысын тоқтатқан болатын»,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратта қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» өкілдері мемлекеттік корпорацияның бұрынғы қызметкерінің тұтқынға алынуының себеп-салдарлары туралы мәліметтерден бейхабар екендігі айтылады. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына құқық қорғау органдарынан ешқандай сұрау салынбағандығы айтылады.

Айта кеетйік, Рашид Аманжоловтың қамауға алынғаны туралы Астана қалалық сотынан хабарланды.

«Астана қаласының Есіл аудандық №2 соты 22 сәуір күні Аманжолов Рашид Мәжитұлын екі ай мерзімге қамауға алу туралы шара қолданды»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар