«Азаматтарға кепілдік берілген ақысыз медициналық көмек алуды қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Азаматтарға кепілдік берілген ақысыз медициналық көмек алуды қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы қарашаның 19-ындағы №1887 қаулысына қол қойды. ҚазАқпарат қаулының мәтінін жариялайды.
None
None

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Азаматтарға кепілдік берілген ақысыз медициналық көмек алуды қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы

«Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы қыркүйектің 18-індегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтарға кепілдік берілген ақысыз медициналық көмек алуды қамтамасыз ету ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов.

Қаулының толық мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланады.

Соңғы жаңалықтар