Азаматтығын жақында ауыстырған ресейлік спортшы қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа маусымнан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген бұрынғы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында еліміздің әнұранын үйренуге кіріскенін айтты. 

самоделкина
Фото: спортшының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Төрт және үш мәрте қарғып секіруді жетік меңгерген 17 жастағы Самоделкина мамыр айында Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясынан Қазақстан атынан жарысқа қатысуға сырттай жолдама алған. 

«Мен Қазақстан әнұранының мәтінін үйренуді бастадым. Қазақша сөздерді дұрыс айта алатыныма сенімді емеспін, бірақ барымды саламын», — деді Самоделкина.

Айта кетейік, бұған дейін Софья 15-18 шілде аралығында Қарағандыда өтетін ел чемпионатында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ретінде алғаш рет өнер көрсететіні белгілі болған еді. 

Соңғы жаңалықтар