Азаматтық қоғам демократияны дамытуда шешуші рөл атқарады — Бибігүл Жексенбай

бибігүл жексенбай
Фото: Kazinform

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай елімізде азаматтық қоғам қалай дамып жатқанын айтты, деп хабарлайды Kazinform

«Азаматтық қоғамның белсенділігі — адами капиталдың, экономикалық құндылықтардың ел игілігінің негізі. Азаматтық қоғам мен Парламенттің өзара іс-қимылы демократияны дамытуда шешуші рөл атқарады. Көптеген елдерде азаматтық қоғам соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар, қоғам белсенділері сарапшылар заң шығару процесіне белсене қатысады. Біздің елімізде де алғашқы қадам жасалып жатыр. Парламент депутаттарының топтарында жоғарыда аталғандар белсенді жұмыс істеп жүр», — деді Бибігүл Жексенбай «Азаматтық қоғам мен парламентшілердің заң шығару саласындағы ынтымақтастық форматтары туралы диалогы» атты дөңгелек үстелде.

Сенатордың айтуынша, азаматтық қоғам Парламент жұмысына қолдау көрсетіп келеді.

«Мұндай өзара әрекеттестік қоғамның мүддесін көрсететіп қана қоймай, оның дамуына әсер етеді және тиімді заңнама жасауға мүмкіндік береді. Азаматтық қоғам ешқашан бірден орнамаған. Біз тоталитарлық қоғамнан нарықтық қоғамға өттік», — дейді халық қалаулысы.

Елордада «Азаматтық қоғам мен парламентшілердің заң шығару саласындағы ынтымақтастық форматтары туралы диалогы» атты дөңгелек үстел өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram