Азаматтық альянс еліміздің үкіметтік емес ұйымдар секторын дамыту бойынша қоғамдық онлайн-тыңдаулар өткізеді

АНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Азаматтық альянс еліміздің үкіметтік емес ұйымдар секторын дамыту бойынша қоғамдық тыңдаулардың топтамасына қатысуға шақырады. 2010 жылдың 23 қарашасынан бастап http://civilsociety.kz/index.php/ru/p/show/31/7 веб-бетінде онлайн-тыңдаулар өтеді, ҚӨазақстанның азаматтың альянсының баспасөз қызметі.

Азаматтық альянс еліміздің үкіметтік емес ұйымдар секторын дамыту бойынша қоғамдық онлайн-тыңдаулар өткізеді

Әрбiр интернет қолданушы сарапшыға өз сұрақтарын қоя алады. Тыңдаулардың тақырыптар аясы кең: Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың дамуынан бастап, заң жобалары мен бюджеттік бағдарламаларды қоғамдық бағалауға дейін.

«Бiздiң түпкi мақсатымыз - қоғамдық сектордың дамуы мен жалпыұлттық мәселелер бойынша пiкiрталасты туғызу. Біз үкiметтiк емес ұйымдар туралы азаматтардың көбiрек бiлуін, қоғамдық сектор сарапшылар желісін жетiлдiруді қалаймыз. Бiздiң барлық жобаларымыз үкіметтік емес ұйымдар секторының дамуы мен күшеюіне, сонымен қатар, азаматтардың әл-ауқатының жоғарылауына бағытталған», дейді Азаматтық альянстың Үкіметтік емес ұйымдарды дамыту бағдарламалрының директоры Андрей Емелин.

Сонымен қоса, қоғамдық тыңдаулар мәселелерінің бірі - үкiметтiк емес ұйымдар мен мемлекеттiк органдар үшін талқыланатын сұрақтардың шешiмi бойынша ұсыныстар жасау.

Тыңдаулар тақырыптары бойынша талқылау аяқталғаннан кейін, еліміздің облыстарында қорытынды шаралар жүргiзiледi. Қорытынды тыңдауларда әрбiр тақырып бойынша 4-5 облыс атсалысады.

Онлайн-тыңдаулардың форматы - «үшiншi сектормен» жұмыс бойынша Азаматтық альянстың тағы бiр инновациясы. Қазақстанның қоғамдық ұйымдары үшiн бейресми конференцияларды өткiзу формасы сынақтан өтіп, қолданысқа енгiзілген, азаматтық бақылаудың акциялары жүргiзiлуде. 2011 жылдың қаңтарында үкіметтік емес ұйымдар мектебінің ашылуы жоспарланған.

23-30 қараша аралығында Азаматтық альянс порталында Қазақстандағы волонтерлiктi дамыту мәселелері талқыланады. Атап айтқанда, алдағы ЕҚЫҰ саммиті мен 2011 жылғы Азиадаға волонтерлерді дайындау мәселелері қарастырылады. Онлайн-тындауларға қатысу үшін сivilsociety.kz сілтемесі арқылы өту керек.