Азаматтық авиация комитеті авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жұмыс қорытындыларына арналған кеңес өткізді

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - Кеше Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті еліміздің әуежайлары мен авиакомпанияларындағы авиациялық қауіпсіздік қызметі басшыларының қатысуымен 2009 жылы авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жұмыс қорытындыларына арналған кеңес өткізді,

Азаматтық авиация комитеті авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жұмыс қорытындыларына арналған кеңес өткізді

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеңес барысында ҚР азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық қауіпсіздік жағдайы, 2009 жылғы азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық қауіпсіздік бағыты бойынша жүргізілген инспекциялық тексерулердің нәтижелері бойынша сараптау, авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО жүргізген аудит қорытындылары, кәсіпорындарда авиациялық қауіпсіздік жағдайын жақсарту бойынша ҚР әуежайлары басшыларының қолданып жатқан шаралары, тәртіп бұзушылық жасаған жолаушыларға ықпал ету шаралары, нормативтік актілер талаптарына сәйкес авиациялық қауіпсіздік қызметінің сандық құрамын қалыпқа келтіру, сонымен қатар ішкі аудит шараларын ширату мәселелері қаралды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ алқалы жиын барысында елімізде авиациялық қауіпсіздік бағыты бойынша ИКАО өткізген аудит 2009 жылдың негізгі оқиғасы екендігі атап өтілген. Аудит қорытындысы бойынша авиациялық қауіпсіздік аясында Азаматтық авиация комитетінің нормативтік базасына оң баға берілген.

«Авиакомпаниялар мен әуежайларға ҚР-ның қолданыстағы заңдарына сәйкес авиациялық қауіпсіздік бойынша әуежайдың бақыланатын аймағына рұқсаттама және ішкі объектік тәртіпті аса қатаң бақылауға алу, авиациялық қауіпсіздік қызметінің мамандарын уақытылы оқытуды қамтамасыз ету, әртүрлі тәжірибелерді өткізу арқылы авиациялық қауіпсіздік бойынша әуежайларда тұрақты ішкі аудит жүргізу, сонымен қатар авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарының құрылымдық санын ұлғайту бойынша мәселені қарастыру тапсырмалары берілді», деп нақтылай түскен баспасөз хабарламасында.