Азаматтық авиация комитеті «е-қызмет» ақпараттық жүйесін пайдалануда көш бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің кадр қызметіне  «Е-қызмет» ықпалдандырылған ақпараттық жүйесі енгізілген еді. 

Азаматтық авиация комитеті «е-қызмет» ақпараттық жүйесін пайдалануда көш бастады

Жүйені құрудың негізгі мақсаты - орталық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер туралы толық кадрлық ақпаратты «онлайн» режімде алу болып табылады.

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының 2017 жылғы 26 қаңтардағы №17-108 тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдардың «Е-қызмет» жүйесін пайдалану арқылы құжат айналымының жай-күйіне талдау жүргізді.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бір мемлекеттік қызметшіге автоматты режімде әзірленген құжаттар бөлігінде барлық министрліктердің комитеттері арасында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті 1 орынды иеленді.

Алдағы уақытта «Е-қызмет» жүйесін конкурстарды, персоналды басқаруды бағалауды, сондай-ақ Комитеттің кадр қызметінің басқа процедураларында «онлайн» режимде пайдалану жоспарланып отыр.