Азаматтық авиация комитеті: Ұшқышсыз басқарылатын аппарат тек уәкілетті органның келісімімен қолданылу керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта, ұйымдар мен азаматтар ұшқышсыз ұшатын ұшу аппараттарын белсенді пайдалануда. ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мына жайды хабарлайды: оларды «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиацияның қызметі туралы» ҚР Заңының 31 және 33-баптарына сәйкес жүзеге асыру қажет.
None
None

Яғни, олардың барлық ұшуын уәкілетті органдармен келісу қажет. Оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында айқындалған.

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықты және олармен мәмілелерді, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес ұшқышсыз ұшатын ұшу аппараттары Азаматтық авиация комитетінде есепке алынуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар