Азаматтық авиациядағы инспекторлардың мәртебесі заң деңгейінде бекітіледі

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда азаматтық авиациядағы инспекторлардың мәртебесі заң деңгейінде бекітіледі.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндаған Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, рейс ұшпай қалғанда немесе кешіккенде әуе компаниялары жолаушыларды ыстық тамақпен қамтып, оларды қонақ үйлерге орналастыруы, өзге қызметтер де көрсетулері керек. Алайда, әуе компаниялары бұл талапты орындамай отыр. «Жолаушылардың құқығын қорғау мақсатында осындай қызметтерді көрсетпегені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Аэровокзалда жолаушыларға толық әрі сапалы қызмет көрсету үшін міндетті шарттар да белгіленеді. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетудің маңызы зор. Осыған орай, әуе қозғалысында диспетчерлік қызмет көрсету органдарын сертификаттау ұсынылады. Сонымен қатар, инспекторлардың мәртебесі заң деңгейінде бекітілетін болады», - дейді Асқар Жұмағалиев. Министрдің сөзіне қарағанда ИКАО сарапшылары тартыла отырып, Қазақстан авиациясын Еуропаның «қара тізімінен» шығаруға бағытталған түзетулер де құжатқа енгізілген.

Соңғы жаңалықтар