«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қоғам алдында есеп берді

«Басты мақсатымыз азаматтық қоғам институттарын әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге барынша тарту болды. Егер 2016 жылы 11 грант бөлінсе, ағымдағы жылы олардың саны 57-ге жетті. Сәйкесінше қаржыландыру көлемі де 3 есе артты. Осы жылы гранттарды жеңіп алған үкіметтік емес ұйымдардың саны 49 еді. Өткен жылы небәрі 10 ұйым ғана болған», - деді ол.
Оның айтуынша, биыл ҮЕҰ-лер барынша белсенділік танытқан. Гранттарды ұтып алуға 327 ұйымнан 512 өтінім түскен.
«Бұл үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік проблемаларды шешуде мемлекетпен өзара іс-қимылға дайын екендігін көрсетеді. Өтінімдер мен гранттар саны бойынша Алматы мен Астана қалалары көш басында болды. Осы ретте өңірлік өзге де ҮЕҰ-лерді гранттық конкурстарға белсенді қатысуға шақырамын»,- деді басқарма төрағасы.
Өтешевтің дерегінше, 39 әлеуметтік қызмет құрылған. Оларға кез келген азамат көмек сұрап бара алатын ақпараттық, білім, кеңес беру және әлеуметтік қызметтер топтастырылған. 6 сенім телефоны ұйымдастырылған.
«Теміртау қаласының «Менің үйім» қоғамдық бірлестігінің сенім телефонына қиын жағдайға тап болған 615 адам хабарласқан. Бұл проблеманың тіпті кішкентай қала үшін де маңызды екендігін білдіреді. 35 зерттеу жұмысы, 400 оқыту шарасы өткізіліп, оларға 39 ұлттық және 7 халықаралық сарапшы тартылды», - деді ол.