Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасы 2015 жылға дейін жасалып бітеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы Соты жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексін 2015 жылға дейін бітіруді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін «Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі - уақыт талабы» атты халықаралық конференцияда ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Талғат Донақов айтты.
None
None

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде Тәуелсіз Қазақстан кодекстерінің жаңа буынын жасап шығару жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл екінші буын. Қазір қызмет етіп жүрген кодекстер өздеріне жүктелген міндетті толық атқарды деп айтуға болады. Олар еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі 20 шақты жылда мемлекеттің барлық институттары мен қоғамдық қатынастардың қызмет етуін қамтамасыз етті», - деп атап өтті Т.Донақов.

Оның айтуынша, жаңа кодекстерді жасау қазіргі Қазақстанның талаптарына сай келеді.

«Қазір жағдай өзгерді, әлеуметтік-экономикалық қатынастар да жаңа сатыға көтерілді, қоғам да дамыды, сондықтан осының барлығын реттеу үшін жаңа кодекстер қажет. Сол себепті мемлекет Жоғарғы Сотпен бірлесіп жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексін жасауға кірісті. Ол ағымдағы жылдың соңына қарай аяқталады деп жоспарлаудамыз», - деді Т.Донақов.

Соңғы жаңалықтар