Азаматтық қоғам өкілдері Елбасы Үндеуін қолдады - Н.Ерімбетов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының Үндеуін достарым, ағайын-туыстарым, өзім жетекшілік ететін азаматтық қоғамның белсенділері қолдады, дейді Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов.
Оның айтуынша, достары, ағайын-туыстары, өзім жетекшілік ететін азаматтық қоғамның белсенділері - бәрі-бәрі осы үндеуді қолдады.
«Қазір көп жерде дағдарыстар, қақтығыстар орын алып жатыр. Бізге қазір тұрақтылық керек. Алдымызда тұрған үлкен жоспарларымызды аяғына дейін жеткізуіміз қажет. Ал мұның елімізге Президент Нұрсұлтан Назарбаев басшылық жасаған жағдайда ғана жүзеге асуы ықтимал екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан азаматтық қоғамның өкілдері де, барша қазақстандықтар секілді, Нұрсұлтан Әбішұлының үстіміздегі жылдың 26 сәуіріне белгіленген президенттік сайлауға қатысқанын қалайды», - дейді Н.Ерімбетов.