16:16, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
«Азаматтық қоғам және ұлттық идея - журналистер көзімен» конкурсына қатысқан журналистер марапатталады - Астана
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Желтоқсанның 30-ы күні Астанадағы «Бәйтерек» медиа-орталығында «Азаматтық қоғам және ұлттық идея - журналистер көзімен» конкурсына қатысқан журналистерді марапаттау салтанаты өтеді,

деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметінен.
Астана қаласы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша, «Алаш рухы Сарыарқа» қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылдың шілде айында азаматтық қоғамның даму проблемалары бойынша журналистердің арасында мақалалар конкурсын ұйымдастырған болатын. Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірінен журналистер қатысты.
Құзырлы қазылар алқасының шешімі бойынша үздік мақалалар іріктеп алынды, олар «Үздік мақалалар» жинағымен жарияланатын болады.