Азаматтық қоғамды дамыту стратегиясын дайындау ісіне осы бастан кірісу керек - А.Соловьва

sp;АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Азаматтық қоғамды дамыту стратегиясын дайындау ісіне осы бастан-ақ кірісу керек. Бұл туралы IV Азаматтық форум барысында Қазақстанның Азаматтық альянсының төрайымы, Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева мәлім етті,

Азаматтық қоғамды дамыту стратегиясын дайындау ісіне осы бастан кірісу керек  - А.Соловьва

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, әлемнің дамыған елдерінде коммерциялық ұйымдардың ішкі жалпы өнімдегі үлесі 8,5 пайызды құрайды. «Бұдан шығатын қорытынды - мемлекетке мықты да тәуелсіз үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік қатынаста жұмыс істеген тиімді. Оның үстіне, коммерциялық емес сектор үлкен жұмыс беруші. Әлемдегі ең үлкен осындай ұйымда жұмыс істейтін азаматтар саны 3,5 миллионды құрайды. Үшінші сектор елдің демократиялық дамуының көрсеткіші ғана емес, ол үлкен экономикалық күш. Ол мемлекеттің әлеуметтік мәселелерін шешуге зор көмегін тигізе алатын ықпалды сала. Ол үшін оған тек мемлекеттің қолдауы қажет», деді А.Соловьева.