Азаматтық қорғау академиясына 79 млрд теңгеге жаңа кешен салынады

«Төтенше жағдайлар министрлігі 2023-2027 жылдарға арналған азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі іс-шаралардың кешенді жоспарының жобасы әзірледі. Оның аясында жалпы сомасы 79 млрд теңгеге академияның жаңа кешенін салу көзделген. Кешенді жоспардың жобасы Республикалық бюджет комиссиясының 2023 жылғы 18 сәуірдегі №8 шешімімен қолдау тапты. Қазіргі уақытта ТЖМ академияның жаңа кешенін салуға тиісті инвестициялық ұсыныс әзірледі. Сонымен қатар, Көкшетау қаласының әкімдігі құрылыс үшін ауданы 8,7 га жер учаскесін белгіледі», - делінген Үкімет басшысының жауабында.
Оның атап өтуінше, академияның материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында кешенді жоспар жобасымен жалпы сомасы 897 млн теңге қаражат бөлу көзделген. Бұл қаражатқа ғимараттарға, құрылыстарға ағымдағы жөндеу жүргізу және қажетті жабдықтарды сатып алу жоспарланған.