«Азаматтық туралы» заңды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажет - И. Адырбеков

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азаматтық туралы» ҚР Заңын халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкестендіру қажет. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Азаматтығы бар және азаматтығы жоқ тұлғалар» атты анықтамалықтың тұса кесері барысында сенатор Икрам Адырбеков осылай мәлім етті. Еске салайық, аталған анықтамалық Астанадағы БҰҰ Босқындар жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасы өкілдігімен бірлесе дайындалған.

«Азаматтық туралы» заңды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажет - И. Адырбеков

Сенатор Икрам Адырбековтің айтуынша, босқындар тұрақты тұру және тұрақты баспана алуы үшін заңнамаларға тиісті өзгерістер енгізу қажет.

«Тұрақты тұратын босқындар мәртебесі олар үшін жұмысқа орналасуға, әлеуметтік көмектер алуға қол жеткізіп, ортамен ықпалдасып, сіңісіп кетуге септігін тигізеді. Босқындар туралы әңгіме болғанда «Азаматтық туралы» заңға да өзгерістер енгізу, оны халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкестендіру қажеттігіне назар аударуымыз керек. Атап айтқанда, заңнамадағы азаматтықтан айыруға әкеп соқтыратын ережелерді жоюйымыз керек, бұл ретте Қазақстанның аумағында дүниеге келген босқындар балалары жайында болып отыр», - деді И.Адырбеков.