Азаматтық заңнаманы жетілдіруге бағытталған жоба бірінші оқылымда мақұлданды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған заң жобасының негізгі мақсаты Азаматтық кодекстің нормаларын жетілдіру, сондай-ақ экономиканы дамытудың маңызды шарты ретінде азаматтық заңнаманың тұрақтылығын сақтау болып табылады. «Құжат жеке меншік институттың және келісімшарттық қатынастарды барынша нығайтуға бағытталады. Сонымен бірге, заң жобасы Азаматтық кодекстің институттары мен нормаларын жетілдіруді көздейді. Бұл ретте кодекстің жалпы және арнайы нормаларының қатынасына жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы құқықтық коллизияларды жою, заңды тұлғаның жеке мүліктік емес құқықтарының бұзылуына моральдық зиянды өндіріп алу, кепілдік жарна институтын енгізу секілді біршама өзгерістер қарастырылған. Бұдан басқа, бірқатар қолданыстағы заңнамаларға редакциялық сипаттағы түзетулер енгізу көзделеді», деді баяндама жасаған ҚР Әділет вице-министрі Мұхтар Бекетаев.
Құжатты әзірлеушілердің мәлімдеуінше, Азаматтық кодексті қолдану бойынша оның кейбір олқылықтары анықталған. Бұл ретте қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның жеке және заңды тұлғалары арасындағы барлық мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттеудің жүйе құрушы негізі ретінде қызмет ететін тұжырымдамасын толық әрі жүйелі түрде көрсету үшін Кодекске түзетулер енгізу қажеттігі пісіп жетілген. Бұдан басқа, кодекске қатысты кейбір заңнамалық актілерге де ілеспе түзетулер ұсынылады.
Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы, екінші оқылымға әзірлеу үшін Бас комитетке тапсырылды.