Азаматтық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған ерлік мектебі
АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар студенттерінің оқу-жаттығу жиындары басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Студенттер жаз бойы еліміздің әскери бөлімшелері мен әскери оқу орындарында әскери даярлық оқу-жаттығуларынан өтеді. Жігіттерді қатаң тәртіп, айрықша күн тәртібі, ауыр дене жаттығулары, техникаларды басқару күтіп тұр. Бұлардың бәрі де олардың өздерін іс жүзінде жауынгер ретінде сезінулері үшін қажет. Әскери мансап туралы армандайтындар үшін өздерін сын тезіне салуға мүмкіндік туады.