Азаптауға қарсы күреске қатысты бірқатар маңызды мәселелердің шешімі табылмай отыр - баспасөз мәслихаты
Республикада азаптау туралы арыздарды тиімді, әділ әрі тез қарастыратын шешім жоқ. Бұл туралы бүгін Алматыда "ҮЕҰ Коалиция ел билігін БҰҰ Арнайы баяндамашының ұсыныстарын орындауға шақырады» деген атпенөткен арнайы баспасөз мәслихатында адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының заңгері Инара Алдыбаева мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бұдан өзге, азаптау үшін жауапкершілік қарастыратын Қылмыстық кодекс бабы жалпыға бірдей мойындалған халықаралық нормаларға сәйкес келе бермейді. «Сонымен қатар, іс жүзінде сирек қолданылады», деді ол.
Инара Алдыбаеваның айтуынша, жылдан жылға азаптауға байланысты шағымдар көп тіркелген. «2009 жылы 286 шағым, 2008 жылы 212 шағым келіп түскен. Ал, бұл көрсеткіш 2007 жылы 178, 2005 жылы - 64 болатын», деді ол.
Ол сондай-ақ, Азаптауға қарсы қазақстандық ҮЕҰ Коалиция Қазақстан билігінің азаптауға қарсы күреске қатысты жағдайды өзгертуге бағытталған іс-әрекетін қолдайтынын жеткізіп, азаптауды қолданудың үлкен қылмыс екенін ашып айтуға және еліміздегі азаптауды тамырымен жоюға шақырды.