Азаптаулардың алдын алатын ұлттық тетікке қатысушы байқау комиссиялары бюджеттен қаржыландырылады

адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетігін жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Әділет министрі Берік Имашев осылай мәлім етті.
«Заң жобасыың негізгі жаңалығы - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері арқылы азаптаулардың алдын алудың ұлттық тетігін жетілдіру. Бұл жүйе алғаш рет енгізілуде. Бұған қоса қоғамдық байқау комиссиялары арқылы ғана емес, бұндай комиссиялар құрамына енбейтін басқа да қоғамдық ұйымдар арқылы азаматтарды ұстау орындарына бару мүмкіндігі кеңейеді. Бүгінгі заң бойынша ұстау орындарына қоғамдық байқау комиссияларының өкілдері ғана бара алатын болса, жаңа заң жобасы олардың құрамына енбейтін үкіметтік емес ұйым мүшелеріне де сондай мүмкіндікті қарастырады», - дейді Берік Имашев. Оның айтуынша, заң жобасымен алғаш рет ұлттық алдын алу тетігін мемлекеттік қаржылық қолдау шарасы да қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, арнайы мекемелерге үнемі барып тұруды Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті орган, қоғамдық байқау комиссияларының мүшелері, ұлттық алдын алу тетігін қамтамасыз ету бағытындағы әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша шарт жасасқан қоғамдық бірлестіктер мүшелері жүзеге асыра алады. Бұл ретте адам құқықтары жөніндегі уәкілетті тұлға өзінің құзыретіне сәйкес, арнайы мекемелерге барып тұру саны мен мерзімі жағынан шектелмейді. Ал алдын алу тетігінің басқа мүшелері арнайы мекемелерге жылына екі рет қана бара алады. Бір мекемеге бір рет барғанда олардың саны 4-тен аспауы тиіс. Министрдің пікірінше, мұндай сан осындай мекемелердегі ұстау режиміне теріс әсер етулерді болдырмау үшін орынды болып табылады. Бұл халықаралық сарапшылардың ұсынымдарына сәйкес келеді.
«Заң жобасын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын 200 млн. теңге шығыстар қарастырылады. Бұл сома республикалық бюджеттік комиссиямен мақұлданды және 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетте Әділет министрлігімен қарастырылған. Қаржыландыру мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асады», - дейді Б. Имашев.
Оның айтуынша, республикалық бюджеттен ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың іссапар шығындары мен сараптамалық жұмыстары, арнайы мекемелерге баруға қатысты есептерді дайындау жұмыстарының шығындары төленеді.