«Азаттық» радиосы интернет желісіне шындыққа жанаспайтын ақпарат таратты ? ҚР ІІМ

АЛМАТЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда ҚР Ішкі істер министрлігі Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов баспасөз брифингін өткізді.
None
None
Онда еуропалық «Азаттық» радиосы тілшісінің ІІМ аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі полиция полковнигі Гаши Машанломен сұхбаттың интернет желісіне таратылған нұсқасында әңгіме кезінде мүлдем айтылмаған жайттар келтіріліп, өрескел қателер кеткендігі туралы БАҚ өкілдеріне баяндалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Осы жылдың қаңтар айының соңында Ішкі істер министрлігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі полиция полковнигі Гаши Машанло «Нұрбанк» қызметкерлерінің із-түзсіз жоғалу ісіне байланысты Австрия елінің астанасына іссапарға аттанған болатын. Бізге осы сапар бойынша сұхбат алу өтінішімен түрлі БАҚ өкілдері, соның ішінде «Азаттық» радиосының тілшілері өтініш білдірген болатын. ІІМ тергеушісі Қазақстанға қайтып келгеннен кейін «Азаттық» радиосының редакторы Сұлтан-Хан Аққұлыұлының телефон арқылы Г. Машанломен сұхбат ұйымдастырып беру жөніндегі өтініші орындалды. Алайда, бұл әңгіме радиостанса эфиріне шықпай, осы жылдың 10 наурызында, яғни бір ай өткеннен кейін «Азаттық» радиосының ресми сайтында баспа түрінде жарық көрді. Белгілі болғандай, жарияланған басылымда радионың редакциясы бірнеше өрескел қателіктер жіберген. Материалда Г. Машанло сұхбат барысында айтпаған сөздар жазылған. Осылайша, аталған радиостанса интернет торабына шындыққа жанаспайтын мәліметтер таратты. Арнайы сараптамалық жұмыстар нәтижесі де осыны дәлелдеп берді», дейді Б. Қожахметов.Аталған мәселеге орай Ішкі істер министрлігінің өкілдері радио кеңсесіне хабарласқан. «Азаттық» радиосының басшылығы ресми түрде кешірім сұраған.
Соңғы жаңалықтар