«Азбука жилья» компаниясынан қалған бірнеше үйдің құрылысы келесі жылы аяқталады
«Айсанам de lux» тұрғын үй кешенінің құрылысын жалғастырдық, келесі жылдың қыркүйек-қазан айларында пайдалануға береміз. «Комфорт» және «Комсомольский» тұрғын үйлерінің құрылысы да осы уақытқа дейін аяқталады, - деді С.Ордабай.
С.Ордабайдың айтуынша, «Жеті жол» және «Гарант» тұрғын үй кешендерінің құрылысы келесі жылдың соңына немесе 2018 жылдың басына таман аяқталады деп жоспарланып отыр.
«Садовый квартал» тұрғын үй кешенінің құрылысы екі кезекке бөлінді. Бірінші кезегін 2018 жылдың соңында, екінші кезегін 2019 жылдың соңында тапсырамыз», - деді С.Ордабай.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың мамыр айында Австрияның құқық қорғау органдарымен бірлескен жедел іздестіру шаралары барысында сеніп тапсырылған мүлікті иемденуі және талан-таражға салғаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы халықаралық іздеу жариялаған Ерқанат Тайжанов ұсталған болатын. Тайжанов 2012-2015 жылдары аралығында «Азбука жилья» компаниялар тобының нақты иесі бола тұрып, үлескерлердің 40 млрд. теңгеден астам қаржысын қасақана әрі заңсыз иемденген. Қазіргі уақытта ұсталғанды Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешілу үстінде. Айта кетейік, «Азбука жилья» құрылыс компаниялары тобының басшыларынан «Айсанам», «Айсанам де люкс», «Комсомольский», «ExpoCity», «ExpoTown», «Комфорт», «Гарант», «Жеті Жол», «Садовые кварталы» және «Династия» тұрғын үй кешендерінің үлескерлері зардап шекті. Бүгін «ОРДА инжиниринг» «Азбука жилья» компаниясынан қалған нысандардың құрылысын аяқтау міндетін өз мойынына алды.