«Азбука жилья» компаниясының бұрынғы басшысы қамауда отырған жоқ - Бас прокурор

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов шетелге қашқан «Азбука жилья» құрылыс компаниясының бұрынғы басшысы, Ерқанат Тайжановты елге қайтару туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Тайжанов бойынша Австриямен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Осы ретте бұл елдің құқық қорғау органдарымен тиісті жұмыстар атқарылуда. Бізде тергелген істі аталған елге тапсыруымыз керек. Сондықтан да жақын арада біздің сұрауды қанағаттандырады деп үміттенемін. Оларда рәсімдер өте ұзақ жасалады. Атап айтқанда, осы елмен ортақ мәмілеге келіп, Австрияда қудалау қамтамасыз етілуі үшін қылмыстық істің материалдарын тапсырамыз деп ойлаймын», - деп атап өтті Асанов Мәжілістегі жалпы отырыс барасында тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол бүгінде Тайжанов қамауда отырмағанын жеткізді.

«Ол қамауда отырған жоқ. Аталған елдің құқық қорғау органдары бізден қылмыстық істің материалдарын күтіп отыр», - деді ҚР Бас прокуроры.

Айта кетейік, Австрияның құқық қорғау органдарымен бірлескен жедел іздестіру шаралары барысында сеніп тапсырылған мүлікті иемденуі және талан-таражға салғаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы халықаралық іздеу жариялаған  Ерқанат Шарапатұлы Тайжанов 2016 жылы 13 мамырда Австрияда ұсталды. Тайжанов 2012-2015 жылдары аралығында «Азбука жилья» компаниялар тобының нақты иесі бола тұрып, үлескерлердің 40 млрд теңгеден астам қаржысын заңсыз иемденген.

«Азбука жилья» құрылыс компаниялары тобының басшыларынан «Айсанам», «Айсанам де люкс», «Комсомольский», «ExpoCity», «ExpoTown», «Комфорт», «Гарант», «Жеті Жол», «Садовые кварталы» және «Династия» тұрғын үй кешендерінің үлескерлері зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар