«Азбука жилья» компаниясының түйткілді нысандарында құрылыс қайта жүргізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әкімдік үлескерлікпен салу мәселесін де бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің медиа орталығы.

«Азбука жилья» компаниясының түйткілді нысандарында құрылыс қайта жүргізіледі

«Қазіргі уақытта әкімдік, прокуратура, ішкі істер және  мемлекеттік кірістер органдарының жоспарлы жұмысының нәтижесі бойынша,  тұрғын-үй құрылысына үлескерлікпен қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның аясында күрделі нысандардың саны тек соңғы жылда 67-ден 52-ге азайды», - делінген хабарламада.

Ведомствоаралық комиссияның мүшелері заң аясында нысандардың құрылысын аяқтауға септігін тигізу үшін мәмілегерлік жүргізілуде.

Бүгінгі күні бұл бағыт бойынша 44 ТҚК жұмыс істейді, оның ішінде ТҚК-де нысандарды және жер учаскесін беру жөнінде 18 нысан бойынша соттың шешімі бар.  

Ведомствоаралық комиссия атқарып отырған жұмыстың аясында 2015-2017 жылдар аралығында 100-ден астам нысанда тұру үшін баспананы заңсыз пайдалануға беру оқиғалары анықталды, бұл тұрғыда баспананы салушыларға қатысты шара қабылдау үшін құқыққорғау органдарына арыз берілді.

Атқарылған жұмыстың нәтижесі бойынша, 2016-2017 жылдары  25 алаяқ  құрылыс салушыға қатысты кәсіпкерлікпен заңсыз айналысу және алаяқтық фактілері бойынша 22 қылмыстық іс қозғалды. Құрылыс жүргізушілердің активтері құрылысты аяқтау үшін үлескерлерге өтті.

«Азбука жилья» АҚ-ның 9 күрделі нысаны бойынша «Орда Инжиниринг» ЖШС-ның басқарма компаниясына активтерді беру аяқталды. Қазіргі уақытта «Орда Инжиниринг» ЖШС тұрғын-үй кешендерінің құрылысын қайта қалпына келтірді.

Сот «Тамыз Инвест Групп», «Төленді» «Номад Құрылыс-ЭК» және т.б. құрылыс компанияларының басшыларына қатысты істерді қарастыруда.

Қала әкімдігінде Бас прокуратура, Құрылыс істері жөніндегі комитет, Құрылысшылар қауымдастығы, қалалық құқыққорғау органдары және кепілдендірілген тұрғын-үй құрылыс қорының өкілдері қатысқан құрылыс компаниясының 150 басшысымен кездесу өтті. Кездесу барысында әкімдік пен тұрғын-үй құрылысы қорының тарапынан берілетін рұқсат құжаттарынсыз салынған баспананы пайдалануға беруде туындайтын қылмыстық жауапкершілік жөнінде айтылды.

«Тұрғын-үй құрылысына үлескерлікпен қатысу жөнінде» Заңына сәйкес, баспананы сату жөнінде жарнаманы үлескерлерді тартуда әкімдіктен рұқсат алған немесе кепілдендіру қорымен келісімшарт жасасқан  құрылыс жүргізген компания ғана бере алады.

Бүгінде 7 компания рұқсат алған.