Әзербайжан-Армения қатынасын дипломатиялық жолмен реттеуді жақтаймыз – Қасым-Жомарт Тоқаев
«Бүгін халықаралық күнтәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Қазақстан мен Әзербайжан түрлі көпқырлы құрылымдар аясында жемісті өзара іс-қимыл жасайды. Халықаралық және өңірлік көптеген өзекті мәселелер бойынша ұқсас ұстанымды ұстанады. Осы тұрғы Қазақстан Әзербайжан мен Армения арасындағы өзара қарым-қатынасты дипломатиялық реттеуді дәстүрлі түрде жақтайды. Сонымен қатар бейбіт шартты тезірек жасасу бойынша күш-жігерге қолдау білдіреді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Әзербайжанмен өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін өзара қолдау және бірлескен іс-шаралар қабылдауды жалғастыру қажеттігіне қатысты ортақ түсінік бар екендігін баса айтты.
«Қазақстан үшін Әзербайжанмен ынтымақтастық басымдық болды және бола да береді», - деді Президент.