Әзербайжан Арменияны бейбіт келісімді жүзеге асыру үшін келіссөздерді жандандыруға шақырды

Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі Армения тарапын бейбіт келісімді жүзеге асыру үшін келіссөздерді жандандыруға шақырды, деп хабарлайды Kazinform.

Әзербайжан Армения келісімі
Фото: АЗЕРТАДЖ

«Әзербайжанның бейбіт келісім жобасы жөніндегі ұсынысына Арменияның екі айдан кейін жауап беруі бұл процестің жүзеге асуына айтарлықтай кедергі болып отыр. Бейбіт келіссөздер барысындағы бұл кідіріс өңірдегі тұрақтылық пен өркендеуге кері әсер етеді. Әзербайжан бейбіт келісімді жедел аяқтау үшін Армениямен екіжақты негізде тікелей келіссөздер жүргізуге дайын. Біз екі мемлекет өздерінің болашақ қарым-қатынастары туралы шешімді бірге қабылдауы керек деп есептейміз. Бейбіт үдерістің жалғасуына екі мемлекет те жауапты. Біз армян тарапын тиімсіз кідірістерге жол бермеуге шақырамыз және олар біздің келіссөздерді жедел түрде қайта бастауға деген ұсынысымызды қабыл алады деген үміттеміз»,-делінген Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Осыған дейін Армения мен Әзербайжанның қарым-қатынасты қалпына келтіру мен бейбітшілікті қалыптастыру үшін 3 ұстанымды өзара келіскені хабарланған болатын.