Әзербайжан газ құбырының түрік учаскесін жарып жіберді - БАҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен түні Сарықамыш уезі түріктің Карс провинциясында орналасқан Баку-Тбилиси-Карс-Эрзурум газ құбырының учаскесінде жарылыс болды.
None
None

Бұл туралы Анатолийское агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Газ құбыры бойынша газ беру тоқтатылды.

29 шілдеде экстремистер Түркияға Ирактың Қүрдістан автономиясы арқылы Ирактан мұнай әкелетін Киркук-Юмурталык мұнай құбырының учаскесін жарып жіберді. Кей деректерге сүйенсек, отын транзитін тоқтату салдарынан күрд автономиясының әкімшілігіне келтірілген шығын 200 млн долларға бағаланған.

28-іне қараған түні терроршылар Түркия шығысындағы Агра провинциясында газ құбырын жарды. Оқиға Иран шекарасынан 15 шақырым жерде орын алды. Магистраль бойынша газ беру тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар